Пайдалану шарттары

Бұл веб-сайт мыналарға тиесілі және қамтамасыз етеді:


«АЛКАЛОИД Қазақстан»

БСН: __240 640 006 099

605 офис, блок 2В , Әл-Фараби, 13,

«Нұрлы-Тау» БО, 050059, Алматы қ., Қазақстан

+ 7 (701) 884-29-10


«АЛКАЛОИД ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВЕБ-САЙТЫН ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ


«Алкалоид Қазақстан» компаниясы (бұдан әрі – «АЛКАЛОИД» компаниясы) біздің өнімдерімізге қызығушылық танытып, веб-сайтымызға (бұдан әрі – «веб-сайт») кіргеніңіз және бізбен электрондық пошта арқылы байланысқа шыққаныңыз үшін алғыс білдіреді. «АЛКАЛОИД» компаниясының веб-сайтына қол жеткізу және оны пайдалану төменде көрсетілген шарттармен келісуді білдіреді.


Осы веб-сайтта ұсынылған ақпарат ашық сипатқа ие және тек ақпараттық мақсатта берілген. Ол «Алкалоид Қазақстан» компаниясының немесе онымен аффилиирленген басқа компаниялардың қандай да бір өнімдерін, қызметтерін немесе бағалы қағаздарын сатып алуға жария оферта немесе ынталандыру ретінде қарастырылмауы тиіс, сондай-ақ «Алкалоид Қазақстан» компаниясының серіктестері мен клиенттері үшін қандай да бір шешімдер (соның ішінде инвестициялық шешімдер) қабылдауға негіз болмауы керек.


Аталған веб-сайт медициналық немесе сауықтыру жөнінде кеңес бермейді, медициналық диагноз қоймайды және қандай да бір нақты денсаулық мәселелерін емдеуге арналмаған, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандар көрсететін кәсіби кеңестер мен қызметтердің баламасы бола алмайды. Өз денсаулығыңызға қатысты мәселелер бойынша әрқашан дәрігеріңізге немесе басқа да білікті медициналық маманға жүгініңіз.


«АЛКАЛОИД» компаниясы веб-сайттың тиімді және сапалы жұмысын қамтамасыз етуге үнемі ұмтылады. Бұл мақсатта нақты әрі өзекті ақпарат ұсынуға, сондай-ақ туындауы мүмкін техникалық қателіктер мен дәл емес мәліметтерді уақтылы жоюға бағытталған шаралар қабылданады. Веб-сайтта ұсынылған ақпаратты қабылдау мен түсіндіру ғылыми, іскерлік, экономикалық және қаржылық сияқты көптеген факторларға тәуелді болуы мүмкін. Осыған орай, веб-сайттың пайдаланушылары ұсынылған ақпаратты дұрыс түсінбеу қаупіне байланысты ықтимал тәуекелдерді толықтай түсінуі және ескеруі тиіс. Веб-сайтқа кірген пайдаланушылар бұл веб-сайтқа, сондай-ақ онымен байланысты кез келген басқа веб-сайтқа өз тәуекелімен кіретінін түсінуі тиіс.


«АЛКАЛОИД» компаниясы немесе осы веб-сайтты әзірлеуге, іске асыруға немесе техникалық қолдау көрсетуге қатысқан кез келген басқа заңды тұлға біздің веб-сайтты немесе онымен байланысты веб-сайттарды пайдалануға, оларға қол жеткізуге немесе оларды пайдалана алмауға байланысты немесе соның салдарынан туындайтын кез келген тікелей, жанама, кездейсоқ, ілеспе немесе айыппұл түріндегі залал үшін ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРМЕЙДІ. Бұл, сонымен қатар, пайдаланушының компьютерлік құрылғысына немесе басқа да мүлкіне келтірілуі мүмкін залалды да қамтиды.


«АЛКАЛОИД» компаниясы осы веб-сайттағы ақпарат, қызметтер немесе мазмұны негізінде сіз қабылдаған кез келген тікелей немесе жанама іс-әрекеттеріңізге не әрекетсіздігіңізге байланысты келтірілген залал үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді. Біз веб-сайттағы ақпараттың дәлдігіне, толықтығына және өзектілігіне қол жеткізуге ұмтылғанымызбен, ақпараттың нақты еместігіне, толық болмауына немесе уақтылы ұсынылмауына байланысты туындаған кез келген залал немесе шығындар үшін қандай да бір кепілдік бермейміз және жауапкершіліктен ТОЛЫҒЫМЕН БАС ТАРТАМЫЗ.

«АЛКАЛОИД» компаниясы кез келген уақытта, кез келген себеп бойынша және алдын ала ескертусіз веб-сайттың мазмұнына өзгерістер енгізуге немесе оның жұмысын толықтай тоқтатуға құқылы. Мұндай өзгерістердің салдарынан туындауы мүмкін кез келген ықтимал зардаптар үшін компания ешқандай жауапкершілік көтермейді.


Бұл веб-сайт басқа веб-сайттармен сілтемелер арқылы байланыстырылуы мүмкін, оларды сіз де қолдана аласыз. «АЛКАЛОИД» компаниясы басқа веб-сайттарға кіретін пайдаланушыларды сол веб-сайттарда ұсынылған ақпараттың дәлдігіне, шынайылығына және жалпы алғанда, үшінші тұлғалардың веб-сайттарында орналасқан кез келген басқа ақпаратқа жауап бермейді және оны кепілдендірмейді. Сондықтан біз осы веб-сайттарға кірген пайдаланушыларға сол сайттардың пайдалану шарттарымен және қызмет көрсету ережелерімен, сондай-ақ осы сайттарда қолданылатын құпиялылық саясатымен мұқият танысуды ұсынамыз.


Осы веб-сайтта мәтіндер, тауар таңбалары, фотосуреттер, бейнематериалдар, PDF файлдары және басқа да бейне немесе дыбыс материалдарын қоса алғанда, авторлық құқықпен немесе зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалатын материалдар орналастырылған. Бұл құқықтар «АЛКАЛОИД» компаниясына тиесілі немесе құқық иелері тарапынан осы веб-сайт шеңберінде пайдалануға ресми түрде рұқсат етілген. Аталған материалдарды қандай да бір түрде көшіру, тарату, көбеейту, пайдалануға беру немесе пайдалану тек «АЛКАЛОИД» компаниясының жазбаша рұқсатымен ғана мүмкін болады. Материалдарды пайдалану туралы сұрау салуды «АЛКАЛОИД» компаниясының келесі электрондық пошта мекенжайына жолдауыңыз қажет.


Осы Ережелер мен шарттар уақыт өткен сайын өзгертілуі мүмкін. «АЛКАЛОИД» компаниясы Ережелер мен шарттардың жаңартылған нұсқасын осы веб-сайтта жариялайды, сондай-ақ мұндай өзгерістер туралы сізге өзге тәсілдермен де хабарлауы мүмкін.


Нұсқаның соңғы жаңартылған күні: 10.04.2025 ж.