Компанияның нормативтік-құқықтық сәйкестігі


КОМПАНИЯНЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ СӘЙКЕСТІГІ

Alkaloid компаниясының этикалық нормалары мен корпоративтік мінез-құлқы біздің этикалық нормалар мен заңдарды, корпоративтік саясат пен нормативтік актілерді сақтауға деген адалдығымыздың декларациясы болып табылады. Кодексімізде көрсетілген негізгі құндылықтар мен этикалық стандарттар біздің корпоративтік қызметіміздің шеңберін анықтайды.

Біздің басқару құрылымымыз Alkaloid компаниясының нормативтік-құқықтық сәйкестік жүйесін табанды түрде қолдайды, және біз қызметкерлерімізден, бизнес-партнерлерімізден және филиалдық компаниялардан да дәл осындай адалдықты күтеміз. Alkaloid компаниясының нормативтік-құқықтық сәйкестігі – бұл этикалық стандарттар мен қағидаттарды, құқықтық нормаларды және ішкі актілерді сақтауды қамтамасыз ету үшін Alkaloid компаниясында қолданылатын саясат, актілер, атқарымдар, үрдістер, бақылау механизмдері мен құралдарының интеграцияланған жүйесі.

Біз Кодекс бұзушылықтарының алдын алу немесе азайту үшін жұмыс істейміз, осылайша біздің корпоративтік тұтастығымызды сақтап, дамытуға септігімізді тигіземіз.



МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ КОДЕКСІ

Алкалоид компаниясы өзінің шаруашылық қызметінде жоғары этикалық нормалар мен стандарттарды ұстанады. Мінез-құлық кодексі этикалық корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады және компанияның тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ ЭТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ІЛГЕРІЛЕТУ